«Ж. Қизатов атындағы жоғары ауыл шаруашылығы колледжі» КМҚК 2026 жылғы 25 қыркүйекте Халықаралық еңбек күні қарсаңында «Еңбек адамы» тақырыбында зияткерлік ойын өтті. Ойын барысында тақырыпқа қатысты сұрақтар бойынша пікірталастар, дәлелдер мен қарсы пікірлер айтылды. Ойынға қатысушылар өз сөздерінде өздерінің де еңбек үдерісінің маңызды құрамдас бөлігі екенін атап өтті. Біздің оқу орнымыз ауыл шаруашылығы салалары үшін болашақ мамандарды даярлайды.
Зияткерлік ойын мен «Еңбек күнінің» мақсаттары бір арнада тоғысады. Олар:жұмысшы мамандықтардың мәртебесі мен беделін арттыру; отбасылардағы еңбек әулеттерінің дәстүрлерін жаңғырту; еңбек өнімділігін арттыруға ынталандыру; жастардың еңбекке деген қызығушылығын арттыру; еңбек ұжымдарының бірлігін нығайту.

